Выберите язык

Коммунальное государственное учреждение «Архангельская общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс
День дублёра, посвящённый Дню учителя.

День дублёра, посвящённый Дню учителя.

Мектебімізде Ұстаздар күніне арналған жарқын әрі есте қаларлық "Дублёр күні" өтті.
Бұл күні оқушылар өздерін ұстаз рөлінде сынап көріп, сабақ өткізді, кіші сынып оқушыларына көмектесті және бір күнге нағыз тәлімгер атанды. Сабақтардан кейін «Ұстаз – сенім артатын есім» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында көңілді сайыстар мен қызықты тапсырмалар, оқушылардың орындауындағы музыкалық нөмірлер, әндер мен өлеңдер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Мектеп өмірінен алынған қызықты көріністер мен ұстаздарға арналған көңілді пародиялар ерекше әсер қалдырып, барша қатысушыларға күлкі, қуаныш және жақсы көңіл-күй сыйлады. Мереке мейірімге, жылулыққа және ұстаздарға деген құрметке толы, ерекше әсерлі өтті. Осы тамаша мерекені ұйымдастырып, белсенді атсалысқан 9–10 сынып оқушыларына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Олардың бастамашылдығы, шығармашылығы мен жауапкершілігінің арқасында Ұстаздар күні ерекше өтіп, барша қатысушыларға қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады.
Еңбектеріңіз, шабыттарыңыз, шығармашылықтарыңыз және туған мектебіңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін рақмет!❤️В нашей школе прошёл яркий и незабываемый День дублёра, посвящённый Дню учителя. В этот день учащиеся попробовали себя в роли педагогов: проводили уроки, помогали младшим школьникам и на один день стали настоящими наставниками. После уроков состоялась праздничная программа «Учитель — имя, которому доверяют». Гостей и участников ждала насыщенная программа с весёлыми конкурсами, интересными заданиями, музыкальными номерами, стихами и песнями в исполнении учащихся. Праздник получился добрым, душевным и по-настоящему тёплым — наполненным улыбками, благодарностью и уважением к учителям.От всей души благодарим учащихся 9–10 классов, которые стали организаторами и активными участниками этого замечательного праздника! Благодаря их инициативе, творчеству и ответственности День учителя получился особенным и подарил всем участникам множество радостных эмоций и незабываемых впечатлений.
Спасибо за ваш труд, вдохновение, креативность и любовь к родной школе! #ДублерКүні #ҰстаздарКүні